Мектеп директоры бизнеспен айналысқаны үшін жарты миллион теңге айыппұл төледі
Мектеп директоры бизнеспен айналысқаны үшін жарты миллион теңге айыппұл төледі
Фото: paryz.kz
186
оқылды
Батыс Қазақстан облысында мектеп директоры бизнеспен айналысқаны үшін жарты миллион теңге айыппұл төледі. Бұл туралы AstanaTV хабарлады. «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, мектеп директоры жалақысын азсынып, пайда таппақ болған. Мектеп директорының үстінен іс қозғалып, сот шешімімен 428 мың теңге айыппұл салынды. Ұйым өкілдерінің айтуынша, шенеуніктердің көпшілігі заңнан хабарсыз екендігін алға тартады. Қоғамдық ұйымның араласуымен қазына ақшасын орынсыз пайдаланған 14 шенеуніктің үстінен іс қозғалып, 4,6 млн теңге айыппұл салынды. Осыған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларының жалақысы өсетінін айтқан еді.