Жеңілдетілген автонесиені 2 жылда бір-ақ рет алуға болады
Жеңілдетілген автонесиені 2 жылда бір-ақ рет алуға болады
Фото: carstarnews.com
240
оқылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген несиені екі жылда бір-ақ рет алуға болады. Министрліктің мәліметінше, жеңіл көлік сатып алуға несие беру тәртібі мынадай: • сыйақы мөлшерлемесі ­– 4%; • несиелендіру сомасы – 10 млн теңге; • қаржыландыру мерзімі – 7 жыл; • бастапқы жарна – 0 %-дан бастап; • көлік құны 15 миллион теңгеден аспайды.
«Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарт бар. Шартқа сәйкес, екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс. Қарыз алушы екі жылдың ішінде бір рет қана автонесие ала алады» делінген министрліктің хабарламасында.
Бұған дейін жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы сәуір айының соңында іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз.