Moody's Kaspi Bank-тың рейтингтерін растады
Moody's Kaspi Bank-тың рейтингтерін растады
176
оқылды
Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank-тің рейтингтерін растады. Агенттіктің болжамы бойынша банктің рейтингтері – «Тұрақты». Moody's ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингін және Kaspi Bank контрагентінің ұзақ мерзімді тәуекел рейтингін Ba1 деңгейінде растады. «Тұрақты» болжам агенттіктің Банктің одан әрі орнықты дамуы туралы пікірін көрсетеді.