«Байқоңырды» Ресейге жалға беру ақысы қымбаттады
«Байқоңырды» Ресейге жалға беру ақысы қымбаттады
Фото: mail.kz
368
оқылды
Қазақстан Ресейге «Байқоңырды» жалға беру ақысын 3,2 млрд теңгеге қымбаттатты, – деп хабарлады Qazaqstan.kz. Қайта қаралған биылғы бюджет жобасында Ресей «Байқоңыр» кешенi үшін осы жылы 52 млрд 143,5 млн теңге төлеуі тиіс деп бекітілген. Жалға алып отырған әскери полигондарға 9 млрд 217,9 млн теңге ақы төлейді. Бұл өзгеріс АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының өзгеруіне байланысты болып отыр. Жалпы, екі ел арасындағы мәміле бойынша Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» ғарыш айлағын кешенін қолданғаны үшін 116 млн доллар төлейді. Әскери полигондарды қолданғаны үшін 20 млн доллардан астам қаржы төлеуге міндетті. Бұған дейін Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы 16 нысанды жалға алудан бас тартатынын хабарлаған болатынбыз.