«5 үй, 10 пәтер, көлік, дүкен» – Мейіржан мен оның достарының қандай мүлкі тәркіленді?
«5 үй, 10 пәтер, көлік, дүкен» – Мейіржан мен оның достарының қандай мүлкі тәркіленді?
351
оқылды
Полиция Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар деп болжанған күдіктілердің дүние-мүлкін тәркілеп алды. Олардың ішінде белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азим Саидбаев бар. Бұл туралы бүгін брифингте Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов айтты. Оның айтуынша, егер сот алдында олардың кінәсі дәлелденсе, ел ішіндегі танымалдығы жауапкершіліктен құтылуға көмектеспейтінін сендірді. – Mudarabah Capital ісін тергеп жатырмыз. Қазір осы іске байланысты барлық ақпарат жинақталды. Енді сот біздің жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу ретінде пайдалана алатын мүлікке немесе қаражатқа тыйым салу шараларын қабылдауға бағытталған тергеу шаралары кешенді жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, тергеушілер қылмыстық іс бойынша жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеу үшін Алматы облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласында орналасқан мүлікті тәркілеуде. Тергеу сотының бекітуімен төрт жер телімі, 10 пәтер, 5 үй, екі көлік және бір дүкен тәркіленді. Олардың қаражаты да бұғаттаулы. Қазір тәркіленген дүние-мүлікке бағалау жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, қамауға алынған мүліктің қайда жұмсалатынын сот шешеді, – деді спикер.