Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Біз азаматтарымызды қаржы пирамидаларына қатысты алаяқтық әрекеттерден қорғауымыз керек – Ерлан Қошанов

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Сәуір 13, 2022
қаржы пирамидалары
210
қаралым

Мәжіліс депутаттары қаржы пирамидаларын жарнамалауға қарсы заң жобасын әзірлейді. Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Юрий Ли өзінің депутаттық сауалында қаржы пирамидалары қызметіне қатысты өзекті мәселе көтерді. Жақында ғана бәріміз қаржылық алаяқтық әрекеттің  тұзағына түскен азаматтардың қандай күйзеліске ұшырайтынының куәсі болдық», – деп жазды Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар Мәжіліс спикері Мемлекет башысының қаржы пирамидаларына қарсы күрес бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма бергенін атап өтті.

«Бұл жұмысқа депутаттар да белсенді қатысатын болады. Осы орайда Мәжіліс депутаттары аталған қаржылық жүйені ұйымдастырушыларды  жарнамалағаны үшін қылмыстық жаза енгізуді көздейтін жаңа заң жобасын қабылдау жөнінде дер кезінде, орынды бастама көтерді деп есептеймін. Сонымен бірге әртіс, блогер, вайнер немесе басқа да қоғамда өзіндік ықпалы бар азаматтар қаржы пирамидаларының алаяқтық мән-мағынасы бар екенін түсініп тұрып,  оны жарнамалайтын болса, жауапкершілікке тартылуы керек. Өйткені кең көлемді жарнамаға жол бермеу арқылы қаржы пирамидаларының қызметін айтарлықтай шектеуге болады», – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасының пікірінше, Германия мен Канада сияқты дамыған елдерде мұндай заң бар. Депуттар азаматтарымызды қаржы пирамидаларына қатысты алаяқтық әрекеттерден қорғауы керек.

Тегтер: Ерлан Қошановқаржы пирамидаларықарсы күресМәжіліс депутаттары

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

Оралда Toyota бағанаға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды

Ауыл шаруашылығы министрлігі космомониторинг жұмысы бойынша кемшіліктерді атады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»