Ішкі істер министрлігінің Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарының аумағында жүргізілген арнайы операциялары мен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1000-нан астам адам ұсталып, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда.
Ұсталғандардың ішінде деструктивті ағымдарды жақтаушылар, ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері мен қатысушылары, сондай-ақ, атыс қаруының заңсыз айналымына және 4-7 қаңтар аралығындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар күдіктілер де бар. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде қару мен оқ-дәрілер сақталған 103 орын табылды.
Тінту барысында 1 363 бірлік атыс қаруы, оның ішінде: 137 автомат, бір Калашников қол пулеметі, 420 тапанша, 150 ойық карабин, 455 тегіс ұңғылы мылтық, 12 “Форт-500” өлімге әкелмейтін мылтық, 188 бірлік өзге де қару түрі, сондай-ақ, 279 граната және 35 470 түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді. Бұдан басқа, жаппай тәртіпсіздік кезінде тонаумен айналысқандарды анықтау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 768 күдікті анықталды.
https://www.youtube.com/watch?v=6o_2sfUFTpk