Полицейлер 22 жастағы алматылық Жандос Жанғозиннің атына 11 көлікті заңсыз тіркеген алаяқтарды таба алмады, – деп жазады tengrinews.kz. Ол алаяқтардың кесірінен банк картасы бұғатталып, шетелге шыға алмайды. Қылмыстық іс былтыр 21 қарашада тіркелген. Істі Талғар аудандық полициясы тергеп жатыр. «Іс Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша тіркелді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі бірқатар тергеу жүргізілді. Аталған қылмыстық істі ашу бойынша жеке тапсырма жолданды. Алайда, осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды анықтау мүмкін болмады. Алайда, қылмысты ашу бойынша жедел іздестіру әлі де жалғасып жатыр», – деді полицейлер. Бұған дейін атына 11 көлік тіркелген алматылықтың арызына ХҚКО өкілі жауап берген еді.