Алматыда бір адамның атына 11 көлікті заңсыз рәсімдеген. Алматы облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО алматылық Жандос Жанғозинге 11 автокөлікті заңсыз рәсімдеу дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, – деп жазады Tengrinews.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілінің айтуынша, бұған дейін «Қарасай» ХҚКО-сына Жанғозиннің атынан біреу жүгінген.
Оның ішінде 10 көлік 2019 жылы рәсімделген:
- екі КамАЗ – 10 сәуір;
- қара түсті Toyota Land Cruiser – 5 маусым;
- сұр және көк түсті Toyota Land Cruiser – 18 маусым;
- ақ түсті Lexus RX200Т – 21 маусым;
- ақ және сұр түсті Toyota Camry – 28 маусым;
- ақ түсті Toyota Land Cruiser – 11 қазан;
- ақ түсті Skoda Octavia – 16 қараша.
- Одан бөлек, қара түсті Toyota Land Cruiser 2020 жылы 3 ақпанда Жандос Жанғозиннің атына тіркелген.
«Бұл азаматтың атынан «Қарасай» ХҚКО-сына сенімхат бойынша жүгіну дерегін растаймыз. Қазіргі уақытта бұл іске қатысы бар тұлғаларды анықтадық. Қызметтік тексеруден кейін істі құқық қорғау органдарына жібереміз», – деді ол.
Сондай-ақ алдағы уақытта мұндай қателіктерді болдырмау үшін полицияға жан-жақты көмек көрсетілетінін де айтты. Болашақта клиентті дәл сәйкестендіру үшін биометрия жүйесін енгізу қарастырылмақ.