20 сәуірден бастап Қазақстан мен Иран арасында әуе рейсі қайта ашылады
20 сәуірден бастап Қазақстан мен Иран арасында әуе рейсі қайта ашылады
Фото: inbusiness.kz
155
оқылды
Пандемияға байланысты карантиннен соң Ираннан Қазақстанға әуе рейстері қайта ашылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабаралады.
«Биыл 20 сәуірден бастап ирандық Kish Air әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейсті жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті ұшақпен орындалады» делінген ресми хабарламада.
Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.