Түркістан облысында 10 алаяқтық жайтына қатысы бар келіншек ұсталды
Түркістан облысында 10 алаяқтық жайтына қатысы бар келіншек ұсталды
©www.inform.kz
148
оқылды
Әйелдің тұрғындарға жалпы келтірген шығыны 3 миллион теңгеге жуық. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы шағымданған. Ауыл тұрғынының айтуынша, оның үйіне бейтаныс адам келіп, мемлекеттен «миллион теңге әлеуметтік көмек алып беремін» деп сендірген. Сол үшін 350 000 теңге ақша алған. Алайда айтылған уәде орындалмаған. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны, бұрын сотты болған жас келіншек болып шықты. Күдікті әйелдің бұдан басқа осындай 9 алаяқтық фактісіне қатысы бары расталды.