Қарағанды облыстық мәслихаты жаңадан құрылған Ұлытау облысының шекаралық аумағын белгілеп, жаңа өңірді дамыту мәселесін талқылады.
Мәслихат шешіміне сәйкес, Ұлытау облысының аумағы 188 936,61 км2 болады. Облыстың қарамағына Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандары кіреді.Ал Қарағанды облысына Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозёрск қалалары мен Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары кіреді. Аумағы 239 046,35 км2 болады. Аймақты екіге бөлуде тұрғындардың пікірі де ескерілген.