Президент Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Президент Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ахмедиев пен Лұт Әлшекенов қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды; Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды.