«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында науқас азаматтардың тілегі орындалды
«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында науқас азаматтардың тілегі орындалды
434
оқылды
«AMANAT» партиясы Павлодар, Ақтөбе және Қарағанды облыстарындағы қоғамдық қабылдау бөлімдеріне көмек сұрап келген науқастарға «Халыққа көмек» жобасы аясында  жәрдем берді. Павлодар қаласының тұрғыны Р. Ж. Айдашева «Ювенильный идиопатический артрит, Синдром активизации макрофогов» диагнозымен ауыратын немересіне 1 200 000 теңге тұратын қажетті дәріні алу үшін көмек сұраған. Ал үш жылдан бері қатерлі ісікке шалдыққан Ақтөбе облысы Миялы елді мекенінің тұрғыны Г. Бөлекбаева Түркияда емделуге қаражылай көмек сұрап өтініш білдірген. Аталған өтініштер бойынша партия өкілдері бірден жәрдем беру шараларын қолға алды. Олар тез арада демеушілер тауып, мәселені шешуге ықпалын тигізді. Өтініш білдірушілерге «AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттары мен демеушілері, ауыл тұрғындары тарапынан көмек көрсетілді. Нәтижесінде өтініш білдіруші Р. Ж. Айдашева немересінің дәрі-дәрмегіне облыстық, қалалық мәслихат депутаттары С.Т. Садвакасов, Г. М. Акопян және М. А. Желнов қажетті 1 200 000 теңгені және  Г. Бөлекбаеваның еміне партияның белсенді мүшелері, ауыл тұрғындары 238 000 мың теңге жинап беріп, иесіне табыстады.