Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Сәуір 15, 2022
AMANAT
57
қаралым

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, партия төрағасы Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің қатысуымен өткізілді. Фракция барысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» жол картасының тармақтары талқыланды.

AMANAT

Құрылыс басқармасының басшысы Арсен Жанғасқановтың жол картасын іске асыру бойынша баяндамасы тыңдалды:
«Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұрынғы стадион орнына жаңа спорт кешені салынады».
Сонымен қатар, «Биылғы жылы 22 мың орынмен қамтылған 16 мектептің салынуы және дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне арналған 2 жатақхананың құрылыс жұмыстары жүргізіледі. «Ильинка» және «Железнодорожный» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жұмыстары мердігерлердің ауысуына байланысты қайта жаңданды» – деді басқарма басшысы.

AMANATДене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев баяндамада иппотерапия әдісі арқылы ерекше балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешеніннің жұмыстары бойынша есеп берді.
Өз кезегінде, Көлік және жол – көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев «Железнодорожный», «Достық» және «Интернациональный» тұрғын алаптарындағы жолдар мен инженерлік желілер салу туралы баяндама жасады. Аталған құрылыс объектілеріне Ұлттық фонд қорынан қажетті мөлшерде қаражат бөлінгенін, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген соң, құрылыс жұмыстарының бірден бастау алатынын жеткізді.

AMANAT

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаеваның айтуынша, 2023 жылға дейін салынатын 123 км-лік велосипед жолдарының жұмыстары бекітілген.
Сонымен қатар, Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін инклюзия кабинеттерінде әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету туралы айтты. Басқарма басшысы: «Елордамызда арнайы қорлардың көмегі мен білім ордаларының ұсыныстарымен 5 ресурстық орталық, 20 аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 12 логопункт бар. Жыл сайын мектеп базасындағы кабинеттер саны көбеюде. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы барлығы 15 кабинет болған. Яғни, жылдан-жылға ерекше балаларға арналған білім сапасы мен қолдау артып келеді. 49 арнайы педагог, 169 ассистент педагог жұмыс жасайды.Инклюзивті білім беруді дамыту жоспары құрылды» деді ол өз сөзінде.
Шара соңында, фракция депутаттарына «AMANAT» партиясы қалалық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов Жол картасы бағдарламасының әр тараптарын бақылауға алуды жүктеп, тексеріс жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді, нәтижесін халықпен бөлісіп отыруды тапсырды.

Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

Атырауда көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған ер адам видеоға түсіп қалды

Сарқанда бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш ай бойы жатқан

Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы бір банк өтінім қабылдауды бастады

Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»