Президент "Зерде" Ұлттық холдингін реформалауды тапсырды
Президент "Зерде" Ұлттық холдингін реформалауды тапсырды
191
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Бүгін Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Президентке биылғы бірінші тоқсандағы жоғары аудит органы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндалды. Осы есептік кезеңде 345 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын қамтитын 14 нысанда 3 аудиторлық іс-шара жүргізілген. Нәтижесінде 30 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға қатысты заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына да аралық аудит жүргізілген. Мемлекет басшысы бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді.