Бүгіннен бастап WhatsApp желісі жаңаша жұмыс істейді
Бүгіннен бастап WhatsApp желісі жаңаша жұмыс істейді
422
оқылды
Бүгіннен бастап WhatsApp мессенджері жұмысының негізгі қағидалары өзгеріп, одан да әмбебап бола түсті. AKKet.com сайты бұл өзгерістің жаңа аудиторияны тартуға және басқа мессенджерлермен белсенді бәсекелесуге мүмкіндік беретінін жазды. Жаңашылдықтардың бірі - енді салмағы 2 гигабайтқа дейінгі файлдарды мессенджер арқылы жібере аламыз. Бүгінге дейін 200 мегабайт лимит болған, яғни ауыр файлдарды жібере алмайтынбыз. Сонымен қатар, мессенджер топтық аудиожазбаға қатысушылардың санын 32 адамға дейін көбейту туралы шешім шығарды. Яғни, 16 сәуірден бастап 32 адам бір уақытта бір-бірімен сөйлесе алады. Сондай-ақ, пайдаланушылар хабарламаға реакция қалдыра алады. Реакция функциясы жеке және топтық чаттарда да жұмыс істейді. Мессенджер топтардағы пайдаланушыларды жеке бір топқа біріктіруге және оларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл функциялармен қолдана алу үшін WhatsApp-ты App Store және Google Play дүкендерінде жаңарту керек.