Жамбыл облысында 43 мектеп танымал тұлғалардың есімін иеленді
Жамбыл облысында 43 мектеп танымал тұлғалардың есімін иеленді
Сурет: bilim-all.kz
488
оқылды
Жамбыл облысының 44 білім және мәдениет нысаны бұдан былай танымал тұлғалардың есімімен аталады. Үкімет Жамбыл облысының келесі білім беру ұйымдарына танымал тұлғалардың есімін бекітті: 1) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің №1 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның есімі; 2) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің №15 мектеп-лицейіне Әлихан Бөкейханның есімі; 3) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің №29 орта мектебіне Мағжан Жұмабаевтың есімі; 4) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №5 орта мектебіне Қаныш Сәтбаевтың есімі; 5) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай аудандық білім бөлімінің №6 негізгі мектебіне Шерхан Мұртазаның есімі; 6) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №9 орта мектебіне Әлихан Бөкейханның есімі; 7) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай аудандық білім бөлімінің № 11 негізгі мектебіне Спандияр Көбеевтің есімі; 8) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 13 орта мектебіне Міржақып Дулатұлының есімі; 9) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 21 орта мектебіне Сәкен Сейфуллиннің есімі; 10) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 24 орта мектебіне Мұхтар Әуезовтің есімі; 11) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 25 негізгі мектебіне Санжар Асфендияровтың есімі; 12) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 40 негізгі мектебіне Смағұл Сәдуақасұлының есімі; 13) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай аудандық білім бөлімінің № 45 негізгі мектебіне Жұбан Молдағалиевтің есімі; 14) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 47 орта мектебіне Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі; 15) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 49 негізгі мектебіне Оралхан Бөкейдің есімі; 16) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 50 орта мектебіне әл-Фарабидің есімі; 17) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 51 орта мектебіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі; 18) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі аудандық білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясына Асанбай Асқаровтың есімі; 19) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Сарысу ауданы білім бөлімінің Саудакент ауылының Балалар музыка мектебіне Ықылас Дүкенұлының есімі; 20) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №30 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның есімі; 21) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің № 51 орта мектебіне Нарғозы Данаевтың есімі; 22) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің №1 Балалар музыка мектебіне Құрманғазы есімі; 23) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің № 49 бастауыш мектебіне Ілияс Жансүгіровтың есімі. Сондай-ақ, министрлер кабинеті келесі білім және мәдениет ұйымдарының атауын ауыстырды: 1) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №10 Қызылсай орта мектебі - Ораз Жандосов атындағы орта мектебі» деп аталды; 2) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Масаншы №12 орта мектебі - Жүсіпбек Аймауытов атындағы орта мектебі; 3) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №17 Сортөбе орта мектебі - Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі; 4) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №18 Сортөбе орта мектебі - Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі; 5) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 20 Алмалы орта мектебі - Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі; 6) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №22 Еңбек орта мектебі - Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі; 7) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №29 Жаңатұрмыс орта мектебі - Шәкәрім атындағы орта мектебі; 8) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Қақпатас №30 орта мектебі - Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебі; 9) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің № 31 Сарыбұлақ орта мектебі - Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі; 10) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №33 Соғанды негізгі мектебі - Мұқағали Мақатаев атындағы негізгі мектебі; 11) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №38 Сұлутор орта мектебі - Талғат Бигелдинов атындағы орта мектебі; 12) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 39 Үлкен Сұлутөр орта мектебі - Манаш Қозыбаев атындағы орта мектебі; 13) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 48 Сортөбе орта мектебі - Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектебі; 14) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейі - Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі; 15) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі - Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі; 16) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Жамбыл атындағы гимназиясы - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы; 17) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Төле би атындағы орта мектебі - Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі; 18) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі - Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі; 19) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі - Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі; 20) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің №18 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі - Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі; 21) Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімінің аппараты Жалпақтөбе ауылының Мәдениет үйі - Шәмші Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйі деп аталды.