Жуырда Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған Нұрлыбек Нәлібаев кеңесшілер штатын қысқартып, бірнеше департаментті біріктіріп, өзгерістер жасады. Облыс әкімдігінің жиынында 24 басқарманың 8-і қысқартылып, 16 басқарма қалды.
«Қызылордада 24 облыстық басқарма бар. Енді оның 8-і қысқартылып, 16 басқарма облыс әкімдігінде қалады. Бұл шешім функциялардың қайталануын жояды. Әкімшілік шығындар қысқарады», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Сонымен қатар бұдан былай облыс әкімі аппаратында штатта және штаттан тыс кеңесшісі лауазымы болмайтынын айтты.
«Енді облыс әкімінің штаттық және штаттан тыс кеңесшілері болмайды. Кеңесші атағын оңды-солды таратпау керек. Біздің басты кеңесшіміз – халық!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарда бюрократияны жою туралы жарлық шығарғанын хабарлаған болатынбыз.