Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев қағазбастылық пен бюрократиядан арылтатын жарлыққа қол қойды

Нұрбек БАҚЫТ Нұрбек БАҚЫТ
Сәуір 14, 2022
Фото: yandex.ru

Фото: yandex.ru

4.8k
қаралым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Бюрократиядан арылтудың негізгі қағидаттары форма мәнінің басымдығын, бастапқы қалпы бойынша цифрландыруды, басқарушылық жауапкершілікті, үздіксіз жетілдіруді, регламенттеудің оңтайлылығын айқындайды.

Жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылған. Бұл шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттік аппаратта шешімдердің қабылдануын жылдамдатады, мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігін арттырады, құжат айналымы мен есеп берушілікті қысқартады.

Атап айтқанда, жүктелген міндеттерді жылдам жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілерді өздерінің функцияларын заңнамалық деңгейде нақтылап жатпай-ақ қабылдауға құқық беріледі.

Кешенді реинжиниринг негізінде норма шығару және бюджет үдерістерінің мерзімдері мен кезеңдері екі есе қысқарады. Сонымен қатар ведомстволық есеп беру ісін жүйелеу және автоматтандыру; ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді мемлекеттік органдардың сұратуына тыйым салынады; қағаз түріндегі құжаттарға бұрыштама соғу және олардың парақтарына алдын ала қол қою жойылады; өкілеттіктерді орта деңгейдегі басқару буынына беру; қашықтан жұмыс істеу үшін мемлекеттік органдардың басшыларын құралдармен қамтамасыз етіп, жағдай жасау және басқа да мәселелер қарастырылады.

Бюрократиядан арылту ісінде мемлекеттік басқарудың барлық саласын цифрлық трансформациялау және жүйелік реинжинирингтеу маңызды саналады. Бұл жұмыстардың негізгі бенефициарлары азаматтар болады. Бұдан бөлек Жарлықта қамтылған шаралар түпкілікті нәтижеге әсер етпейтін, бірақ мемлекеттік қызметшілерді қажетсіз рәсімдер мен үдерістерден босатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларын мемлекеттік аппараттың тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Тегтер: бюрократияЖаңалықтарқағазбастылықҚасым-Жомарт Тоқаев
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған ер адам видеоға түсіп қалды

Сарқанда бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш ай бойы жатқан

Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы бір банк өтінім қабылдауды бастады

Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды

Зейнет жасына жетсе де жұмыстан кетпейтіндер жастар сынына ұшырады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»