Таңертең Ақтөбе қаласында Шернияз және Уәлиханов көшесінің қиылысында жол апаты болды, - деп жазады inform.kz. №7 бағыттағы автобус алдымен қоршаудан өтіп, кейін дүкенге соғылған.
«Автобус салонында жолаушылар болмаған. Тексеру жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің айтуынша, автобустың тежегіші істен шыққан», – деді облыстық ПД өкілі Ерболат Сарқұлов.Дүкеннің терезесі қираған.
Бұған дейін Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.