Президенттің туыстары қандай қызметтерге тағайындалмайтыны белгілі болды
Президенттің туыстары қандай қызметтерге тағайындалмайтыны белгілі болды
© halyq-uni.kz
287
оқылды
Қазақстанда президенттің ағасы, әпкесі, балалары ұлттық компанияларға басшылық қызметке орналаса алмайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, – деп жазады halyq-uni.kz Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстан президентінің жақын туыстары қандай қызметтерді атқара алмайтынын айтты.
«Мәселен, президенттің қарындасы, ағасы немесе балалары «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық лауазым атқара алмайды», - деді министр.
Президенттің жақын туыстарына – ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама да жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгілейді.
«Өз кезегінде, Президент Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі айқындалып, оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар жатқызылған», - деп атап өтті Қанат Мусин.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Президенттің жақын туыстарына қандай тыйым салынатынын айтты.
«Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сондықтан президенттің жақын туыстары үшін саяси мемлекеттік қызметтегі және квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдарға орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады», – деді Тоқаев.