Енді шенеуніктер өздеріне келген сыйлықты сатып ала алады
Енді шенеуніктер өздеріне келген сыйлықты сатып ала алады
©baigenews.kz
222
оқылды
11 сәуірден бастап жаңа қаулы күшіне енді. Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер сыйға келген сыйлықтарды сатып алса ғана өздеріне қалдыра алады. 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» бойынша қаулыға өзгертулер енгізілді. Оған мемлекеттік қызметшілерге берілген сыйлықтар да кіреді. Енді жоғары жақтағы басшылық келісімін берсе, қызметкерлер сатып алу-сату келісімшарты бойынша сыйлықты сатып ала алады. Презенттің құны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңға сәйкес белгіленеді. Ол үшін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған тұлға арасындағы сатып алу-сату шарты болуы керек. Сондықтан сыйлық алған күні ең әуелі ол 7 күн ішінде уәкілетті органнан хабарлама алуы тиіс. Сыйлықты қабылдау-өткізу актісі бойынша толық төлем жасаса ғана қолына тиеді. Осыдан былай шенеуніктер бір қорап шоколад пен кофенің ақысын еш қиналмай өтей алады. Бірақ 4 миллион теңгеге Hermes брендінің сөмкесін сатып алу мүмкін бе, жоқ па, әзірге белгісіз.