Ashyq қосымшасын жасаған мамандардың үстінен сотқа арыз түсті
Ashyq қосымшасын жасаған мамандардың үстінен сотқа арыз түсті
© inform.kz
146
оқылды
Нұр-Сұлтанда Ashyq қосымшасын әзірлеген мамандарды жеке кәсіпкер сотқа берді. Бұл туралы жобаны әзірлеуге қатысқан Виталий Пустовойтенко Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, сотқа арыз түсірген – жеке кәсіпкер. Бірақ оның сотқа не себепті арыз түсіргені әзірше белгісіз.
"Алдымен ұйқысыз түндер, одан кейін жобаны тездетіп әзірлеу мен іске қосу, сосын хейтпен күрес, мемлекетке тапсыру, осымен бәрі бітті ме десем, олай емес екен. Енді, сотқа барып тұру қажет. Оған да уақыт кетеді. Бұл өнім біздікі екенін және оған өз қалауымыз бойынша иелік ете алатынымызды дәлелдеуге тура келетін шығар. Біз сыйға тарту шарты бойынша беруге шешім қабылдадық", – деп жазды Пустовойтенко әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қалалық сот арыздың түскенін растады. Бүгінде алдын ала отырыстың уақыты белгіленіп отыр. Алғашқы сот отырысы 20 сәуірде өтеді. Процесс ашық болады. Айта кетсек, Ashyq қосымшасын 2021 жылдың басында коронавирус пандемиясы кезінде енгізген болатын. QR-код арқылы адамның вирус жұқтырғаны, я болмаса, науқаспен байланыста болғаны туралы мәлімет ақпараттық базадан алынып, арнайы түспен көрсетіліп тұрған. Мобильді қосымшаның арқасында бизнес нысандары жұмыс істей бастады. Биыл 12 наурызда ведомстоваралық комиссия Ashyq қосымшасын пайдалануды тоқтатуға шешім қабылдады.