Баян Алагөзова күйеуінің бизнесін тартып алмақ болғандардың есімін атады
Баян Алагөзова күйеуінің бизнесін тартып алмақ болғандардың есімін атады
660
оқылды
Продюсер Баян Алагөзова күйеуінің кәсібін басып алмақ болғандардың атын атап, Galanz Bottlers компаниясына жұмыс істетпегенін сөз етті. Бұл жайында продюсер Instagram-дағы парақшасында жазды.  «Бір ай бұрын күйеуім Тұрсынғали Алагөзовтің Galanz Bottlers компаниясын күш көрсетіп, тартып алмақ болғанын айтқанмын. Сол кезде олардың түсін түстеп, аты-жөнін кейін атаймын деп уәде бергенмін. Өйткені қозғалған қылмыстық істің тергеу шаралары бізден ақпаратты жария етпеуді талап етеді, сондықтан жария ете алмадым. Алайда соған қарамастан сол топқа қарасты адамдар заңсыз құжат жасап, тіркеуді жалғастыруда», – дейді Баян Мақсатқызы. Оның айтуынша, сол адамдар өткен аптада компанияға баса-көктеп кіріп, төбелес шығарған. Тіпті, қызметкерлерді қуып жіберіп, ғимарат пен кассаны басып алмақ болған. Жалпы, компанияның жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, оны банкротқа ұшыратуға тырысқан. 7 наурызда осы іске қатысты күдіктілерді қамауға алғаннан кейін олар бар айғақтарды жасырып, сатуды тоқтату үшін бүкіл мәліметтер базасын жойған. – Олардың кім екенін нақты атасам, біріншіден, Қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы – Айдархан Бектібаев. Ол бұрын адам ұрлап, оны зорлағаны үшін сотталған болатын. Директорлар кеңесінің «тәуелсіз» директоры – Талғат Молыбаев, басқарма төрағасының орынбасары – Светлана Недопрядченко, басқарманың бұрынғы төрағасы Ильдар Акчурин. Сонымен қатар заңсыз құжаттарға қол қойған тағы 14 адам бар, – деді Баян Алагөзова. Қазір продюсер осы іс бойынша тергеу мен соттың аяқталуын күтіп отыр. Алайда күдіктілер компанияға шабуылын тоқтатпаса, фото мен бейнеқұжаттарды жариялап, баспасөз мәслихатын өткізетінін сөз етті. – Бұлар еліміздің Президенті бекіткен ұстанымдарды ашық түрде бұзып, заңсыздықпен айналысып, өздерінің жазаланбайтынына сенімді. Бұл дегеніміз – мемлекеттік саясаттың беделін түсіру. Және біздің елді заң емес, бандиттік жүйенің басқаратынына сендірмек, – деді продюсер.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Bayan Sulu Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)