Азия чемпионатында грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов ел құрамасынан алғашқы алтынға қол жеткізді.
Ол финалда 130 келі салмақта оңтүстіккореялық Ким Мин Сокпен кездесті. Қазақстандық балуан жарыстың алғашқы сатысында қарсыласынан 9:0 есебімен басым түсті.
Осылайша жеңіске ертерек қол жеткізді. Өз салмағында Азия чемпионы атанды.
Финалда қарсыластарына есе жіберген Аманғали Бекболатов, Мейрамбек Айнағұлов және Мақсат Ережеповке күміс бұйырды.