Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек қандай жағдайда өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланған.
"Орта салмаққа (160 фунт) түсуім міндетті емес. Егер біздің жекпе-жек өтсе (Головкинмен), екінші орта дивизионда (168 фунт) өтеді", - деп береді "Канелоның" сөзін Izquierdazo.com.
Еске сала кетейік, Головкин мен «Канелоның» алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары орта салмақта өткен болатын.