«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық мәслихатында депутаттық фракцияның отырысы өтті. Оған Сайлауалды бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жобалау тобының жетекшісі Нұрғали Қордабай қатысып, республикалық және облыстық Жол карталарының 2021 жылғы орындалуы мен биылғы І тоқсандағы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Жобалау тобы жетекшісінің айтуынша, былтыр Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыруға барлығы 105,5 млрд теңге бөлінген. Оның 31,7 млрд теңгесі облыстық бюжеттен, 73,8 млрд теңгесі республикалық бюджеттен. Ал биылғы Жол картасының іс-шараларын орындау мақсатында 109,1 млрд теңге қаржы қарастырылған. Оның 27,4 млрд теңгесі облыстық бюджеттен бөлінсе, қалған 81,9 млрд теңгесі республикалық бюджеттен белгіленген. 2022 жылы Жол картасының тармақтары аясында өңірде білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау объектілерін жаңарту және жөндеу жұмыстарына көп көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ Қызылорда облысының ауылдық жерлерін жаңғырту мақсатында 25 елді мекенінде 32 инвестициялық жоба іске асырылатын болды. Жалпы, облыс бойынша Сайлауалды бағдарламаның 2021 жылға арналған жоспарының орындалу нәтижесі жаман емес. Мәселен, партияның облыстық, қалалық және 7 аудандық Жол карталарында өткен жылға 717 іс-шара жоспарланса, олардың 96,0 пайызы орындалған. Бұл туралы саяси ұйымның облыстық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Ләйлә Төрешова атап өтті. Сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес депутаттар рейтингі туралы мәселе де қаралды. Фракция мүшелері әрбір бағыт бойынша толғандырған сауалын қойып, ұсынысымен бөлісті.