Америкалық боксшы Деметриус Андраде орта салмақтағы WBO чемпионы титулын қорғап қалды, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Ирландиялық үміткер Люк Келлерге қарсы өткен жекпе-жек Майамидегі бокс кешінің басты оқиғасы болды.
Жекпе-жектің алғашқы секундтарынан-ақ Андраде қарсыласын нокдаунға түсірді, кейін екінші раундта тағы қайталады. Дегенмен Келлер тоғызыншы раундқа дейін шыдады, осыдан кейін Деметриус оны нокаутқа түсірді.
Жеңілмеген Андраде үшін бұл 29-шы жекпе-жек, 18 нокаут. Бұл кездесу DAZN стриминг қызметі арқылы көрсетілді.