Сабыр Рахымовтың мерейтойына орай олимпиада өтеді  
Сабыр Рахымовтың мерейтойына орай олимпиада өтеді  
Фото: baigenews.kz
165
оқылды
Биыл 3 мамырда Қорғаныс министрлігі Шымкент Республикалық «Жас ұлан» мектебінің базасында Қарулы Күштердің 30 жылдығын, Жеңістің 77 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың 120 жылдығына орай, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Түркістан қалаларының «Жас Сарбаз» кадет сыныптары арасында «Алғашқы әскери жәнe технологиялық дайындық» пәні бойынша республикалық олимпиада өтеді. Олимпиада білімді жетілдіру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша практикалық дағдыларды, өскелең ұрпақтың жоғары патриоттық сезім мен Отан қорғаушының адамгершілік қасиетін калыптастыру мақсатында өткізіледі. Іс-шараға Ұлы Отан соғысы, Қарулы Күштер мен Ауған соғысының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің қолбасшылығы, «Жас Сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының өкілдері қатысады.