Ақмола облысында әкімшілік ғимаратты қасақана өртеу фактісі бойынша тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 19-да Аршалы аудандық полиция бөліміне жергілікті атқарушы орган қызметкері хабарласып, белгісіз біреулердің сағат 03:30 шамасында әкімшілік ғимаратқа от қойғанын айтқан. Шығын көлемі 6 млн теңгеге бағаланды.
«Жедел-тергеу тобы мемлекеттік орган ғимаратында өрт болғанын анықтады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігі «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Оқиға болған жерді тексеру барысында спецификалық иісі бар литрлік шыны ыдыс пен пластикалық зат табылды», -деді ведомство