Қызылордада Роза Бағлановаға ескерткіш орнатты
Қызылордада Роза Бағлановаға ескерткіш орнатты
Фото: kazinform.kz
310
оқылды
Қызылордада Қазақстан және КСРО Халық артисі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың ескерткіші ашылды. Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатыр. Қызылорда қаласының орталық алаңында Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы – мүсіншілер Мұрат Сыдықов пен Бауыржан Кененбай. Биіктігі – 5,7 метр. Тұғыры граниттен, ескерткіш қоладан құйылған. Бұған дейін Алматы қаласында Роза Бағлановаға ескерткіш қойылғанын хабарлаған болатынбыз.