Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

Халық қаһарманы Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылды

Нұрболат АДЫРБЕК Нұрболат АДЫРБЕК
Сәуір 15, 2022
Роза Бағланова

©А.Мұрзанов

2.1k
қаралым

Алматыда қазақ халқының біртуар талантты қызы, бұлбұл әнші, халық қаһарманы, КСРО халық әртісі Роза Бағлановаға еңселі ескерткіш ашылды. Алатауға бет түзеп тұрған халқының ерке де батыр қызының бейнесі жезтаңдай әншінің биылғы 100 жылдық мерейтойы аясында ашылып отыр.

Ескерткіш мегаполистегі Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның алдына қойылды.

Қоладан құйылған еңселі мүсіннің ашылуына қазақтың бір топ зиялы қауымы мен қала әкімі қатысты.

Роза Бағланова
©А.Мұрзанов

Еңселі есерткішті қала әкімі Ерболат Досаев, әншінің ұлы Тәжен Бағланов пен халық әртісі Асанәлі Әшімов ашты.
Іс шара кезінде әнші композиторлар Алтынбек Қоразбаев, Әлібек Дінішев, ақын Ақұштап Бақтыгереевалар Роза апамыз жайлы керемет естеліктерімен бөлісті.

Ескерткіштің салтанаты ашылуы ары қарай «Ақмаңдайлым» атты мерейтойлық концертке ұласты. Республика сарайында өткен концерттің шымылдығы Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың орындауындағы «Ақтамақ» әнімен ашылды. Одан кейін сахна төріне шыққан қазақ эстрадасының өкілдері 90 жылға жуық ғұмыр кешіп, оның 70 жылдан аса бөлігінде қазақ және әлем сахнасында өнер көрсеткен Роза Бағланованың репертуарындағы әндерін шырқады.

Роза Бағланова
©А.Мұрзанов

Концерт барысында халқының еркесіне айналған бұлбұлдың көзі тірісінде жазылып алынған жас күнімен ғұмырының соңғы сәттерінің бейне сюжеттері келгендер назарына ұсынылды. Осы сәтте жиналғандар сағыныштан көз жастарын бір сығып алды.

Айта кетейік, биыл атап өтіліп жатқан Роза Бағланованың ғасырлық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда.

Тегтер: Роза БағлановаХалық қаһарманы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бауырлас екі ел арасында түсінбестік болған емес – Тоқаев

Синоптиктер маусым айында бірнеше облыста құрғақшылық болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Садыр Жапаров «Ақ кемеде» қарсы алды – видео

Утильалымға артық төленген ақшаны қайтарып алу үшін не істеу керек?

AMANAT партиясының өкілдері Республикалық диагностикалық орталық ұжымымен кездесті

Смайылов биыл министрлердің халықпен кездесетін күнін белгілеп, кестесін бекітті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»