Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Есірткіге құмарлық түбі – құрдым

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Сәуір 22, 2022
есірткі жастар
40
қаралым

Елордада 14-29 жас аралығындағы жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы ESIRTKiGE JOL JOQ жобасы өтіп жатыр. Жобаны қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйым-
дастырды.

Іс-шараға «Астана жастары» КММ жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев, психолог Александр Грищук, қалалық Есірткі саудасы департаментінің подполковнигі Сергей Ильиных, Esirtkisiz Bolashaq қорының директоры Ақтаев Жандос пен еріктілер қатысты.

«Жастар арасында есірткіге ермейтін мінез қалыптастыру мақсатында жоба жұмысын қайта бастап отырмыз. Мақсат – диспансерлік есепте тұрған нашақорлардың санын азайту. Жыл соңына дейін көрмелер мен бейнероликтер БАҚ арқылы жастарға түсіндіру жұмыстары мен рейдтік шаралар ұйымдастырылады», – деді А.Ерментаев.

Іс-шараға 50 мыңға жуық жасты қамту көзделген. Әр кезеңде еріктілер полиция қызметкерлері, «Ренессанс» оңалту орталығының психологтері және «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы қызметкерлерімен бірге рейдтерге қатысады. Сондай-ақ елорданың белсенді жастары үшін тренингтер өткізіледі. Психолог Александр Грищук 3 жылдан бері есірткіге тәуелді жастарды емдеумен айналысады. «Жас­өспірімдерді нашақорлықтан сақтау үшін әуелі мінез қалыптастыру керек» дейді ол.

Жастар конгресінің «Есірткісіз болашақ» қорының директоры Жандос Ақтаев ғимараттардың қасбетінде және тұрғын үйлердің кіреберісінде есірткіні жарнамалап, сурет салатындармен күрес қарқынды екенін жеткізді. Олар апта сайын өшірсе де, арам ойын іске асырғысы келетіндер амалын тауып жүр деп отыр.

«Бізде Қазақстанның барлық аймағында өңірлік штаб бар. Олар есірткі жарнамасын өшірумен де айналысады. Ғимараттар мен инфрақұрылым нысандарының қасбетінде, кіреберістерде сан алуан граффити, QR-кодтар мен жапсырмаларды өздеріңіз де байқап жүрген шығарсыздар. Ал ондай жазулар қалай болғанда да есірткі сату ресурстарына апарады. Басым бөлігі – Telegam-арналар, я болмаса, даркнеттегі сайттар. Бүгінде есірткі саудалайтын 20 Telegam арнаны анықтап, көзін жоюға көмектестік», – дейді Ж.Ақтаев.

«Сенің өміріңнің ырғағы» акциясы аясында «Үздік видеосюжет», «Үздік телевизиялық репортаж», «Үздік радиосюжет», «Баспасөздегі үздік басылым», «Интернет басылымдағы ең үздік мақала» номинациялары бойынша байқау, Instagram әлеуметтік желісінде сурет салу бойынша бейнероликтер байқауы және есірткіні тұтынуға теріс көзқарасты тәрбиелеуге бағытталған спорттық челлендж жоспарланған. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен жыл соңында марапатталады. Айта кетейік, жобаның ашылу салтанатына орай арнайы фотокөрме ұйымдастырылды.

Н. ҚҰРАЛБАЕВА

Тегтер: есірткіжастаржобаҚұмарлықнашақорлық

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарлық кейуана баласын полицияға берді

Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»