Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Бас қалаға қарап бой түзейді

Наима НҰРӘЛІ Наима НҰРӘЛІ
Сәуір 22, 2022
бас қала инфрақұрылымы

© коллаж: Әсел Балтақызы

450
қаралым

Нұр-Сұлтан қаласында инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Себебі тұрғындар саны жыл сайын артып келе жатқанын ескерсек, әлеуметтік нысандарға да, инженерлік желілерге де қосымша күш түседі. Одан бөлек, инфрақұрылымдық даму – өмір сапасының негізгі көрсеткіші.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, осы мәселені шешу үшін бір­қатар стратегиялық нысандардың құ­рылысын жүргізіп жатырмыз. Мысалы, суға қатысты мәселелерді шешу үшін өт­кен жылдан бастап сорғы-сүзгі стан­са­сының (ССС-3) құрылысына кірістік. Нысан осы жылдың соңына қарай ішіна­ра пайдалануға беріледі, ал 2023 жылдан бастап жаңа ССС-3 жұмысының қуатын ұлғайтамыз. Бұл болашақ құрылыс алаң­дарын ауызсумен қамтамасыз етіп қана қоймай, қазіргі су беру қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, қазір тәу­лігіне 300 мың текше метрді тұтынатын болсақ, онда ССС-3 қуаты тәулігіне қо­сымша 100 мың текше метрден астам қуат береді, – деді Алтай Көлгінов.

Сонымен, жолдарды жөндеу, ауызсу тарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу әрдайым басты назарда. Атап айтқанда, қала әкімдігі ЖЭО-3 құрылысын жаң­ғыртудан бөлек, үш жергілікті газ қа­зандығын жобалау бойынша жұмыстарды бастады. Газ қазандықтарының қуаты сағатына 1 мың гигакалориядан асады, бұл ЖЭО-3 қуатынан 3 есе көп. Сондай-ақ елордада қаланы газдандыру мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Бүгінде Алматы және Сарыарқа аудандары толығымен газдандырылды. Ол үшін 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды.

Кәріздерді тазарту, электр желілерін жаңғырту, «Арай», «Жұлдыз» сияқты өзге де қосалқы стансаларды жобалау, рекон­струкциялау бойынша жұмыстар жоспар­ланған. Бұл іс-шаралардан бөлек, қала инфрақұрылымын дамыту бағытында қыруар жұмыстар жасалуда және ол ал­дағы уақытта жалғаса береді. Айта ке­те­йік, қала мәслихаты қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға арналған бірыңғай техникалық бақылауды әзірлеуге мүмкін­дік беретін кешенді көлік схемасының (ККС) тұжырымдамасын қабылдады.

Тегтер: бас қаладамуинфрақұрылымНұр-Сұлтан
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысты жанжал шықты.

Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

Атырауда көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған ер адам видеоға түсіп қалды

Сарқанда бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш ай бойы жатқан

Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы бір банк өтінім қабылдауды бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»