Кеңеске мемлекет қайраткері, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов мүше болды.
«Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді... Менің жұмыс тәжірибем, менің ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкеледі деп ойлаймын», – деді Серік Сәпиев.