Алматыда техника қоймасына қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды
Алматыда техника қоймасына қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды
225
оқылды
Алматы қалалық полициясы қарақшылық шабуыл жасап, видео карталар сақталған қоймны тонады деген үш күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласына аттанғалы отырған.
Алматы қалалық ПД мәліметінше, күдіктілер күзетшіні ұрып-соққан. Содан кейін оны қарумен қорқытып, видеокарталарды ақшасымен бірге тартып алып кеткен. Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласына баруды жоспарлаған, олар Шу қаласында ұсталды.
"Тоналған заттардың бір бөлігі олардың жанын табылды, ал тағы негізгі бөлігін жүк тасымалы арқылы елордаға жөнелтіп үлгерген. Тауар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Процессуалдық әрекеттерден кейін видеокарталар иесіне қайтарылады",– деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Қойма иесі жедел әрекет еткені үшін полицейлерге алғыс айтты. Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, ұсталғандар Нұр-Сұлтаннан келгендер. Бұрын олардың бірі осы компанияның клиенті болған әрі видео карталардың қанша тұратынын жақсы білген. Күдіктілер қамауға алынды.