СҚО-да жолаушылар көлігі апатқа ұшырап, 1 адам қаза болды
СҚО-да жолаушылар көлігі апатқа ұшырап, 1 адам қаза болды
205
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында жолаушылар тасымалымен айналысатын шағын автобус жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Салдарынан 17 жастағы бойжеткен қаза болды, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды  СҚО полиция департаменті.
«23 сәуір күні сағат 14.00 кезінде «Челябі-Новосібір» автожолының 557-шақырымында «ГАЗ-А65R52» маркалы көлік жол апатына ұшырады. Салдарынан 2005 жылы туған бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. 5 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді», деп көрсетті полиция департаменті.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.