Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады
Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады
195
оқылды
Талдықорған маңындағы Қарабұлақ ауылында 19 жастағы көлік жүргізушісі әйелді екі баласымен бірге қағып кетті. Желіде осы оқиғаның видеосы пайда болды. Қайтыс болған балалардың жасы 1-де және 6-да болған. Ресми мәліметке сәйкес, 23 сәуірде Audi-80 көлігінің19 жастағы жүргізушісі 36 жастағы әйелді және оның 6 және бір жарым жасар баласын қағып кеткен. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды.