Ақмолада бағдарламашы жігіт үйінде отырып криптовалюта өндірген
Ақмолада бағдарламашы жігіт үйінде отырып криптовалюта өндірген
Фото: jiwo.ru
327
оқылды
Атбасарда бағдарламашы жігіт үйінде отырып криптовалюта шығарды. Тәртіп сақшылары жүргізген тексеріс барысында оның үйінен арнайы құрал-жабдықтар табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Қылмыс 24 сәуір күні Атбасар аудандық полиция қызметкерлері өткізген «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы кезінде анықталған.  width= «Атбасар қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінде криптовалюта шығаратын жабдықтар табылды. Тінту кезінде мамандандырылған «Айтмайнер» жабдығының 2 данасы мен айтмайнерге арналған құрал-жабдықтардың 9 данасы және басқа да қосымша техникалар анықталды. Бұлардың иесі Атбасар ауданының 29 жастағы бағдарламашы тұрғыны болып шықты. Ер адам үш айдан бері үйінде отырып криптовалюта шығарумен айналысқаны белгілі болды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.    width= Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеріс жүргізілуде. Іс материалдары әкімшілік хаттама толтыру үшін мемлекеттік кірістер басқармасына жолданған.

Ақмола облысы