"350 қарулы адам шабуыл жасады": ҰҚК желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді
"350 қарулы адам шабуыл жасады": ҰҚК желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді
© видеодан алынды
253
оқылды
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан қарулы адамдардың атысы туралы бейнекадрлар биылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында болған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.  Ведомствоның хабарлауынша, онда саны 350-ге дейінгі топ атыс қаруын қолданып, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген.
«Қорғаныс барысында атыс жарақатынан департаменттің терроризмге қарсы күрес орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаза тапты. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасында атыс болған кездегі видеоны жариялаған болатын.
"Қанды қаңтар. Бұл ҰҚК ғимаратын басып алған сәт дейді", - деп жазды ол.

Бұған дейін Талдықорған тұрғынын азаптап өлтірді деген күдікпен екі полицей қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)