«Қорғаныс барысында атыс жарақатынан департаменттің терроризмге қарсы күрес орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаза тапты. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасында атыс болған кездегі видеоны жариялаған болатын.
"Қанды қаңтар. Бұл ҰҚК ғимаратын басып алған сәт дейді", - деп жазды ол.
Бұған дейін Талдықорған тұрғынын азаптап өлтірді деген күдікпен екі полицей қамауға алынғанын жазған болатынбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram