Биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын қарайды
Биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын қарайды
212
оқылды
Парламент Сенаты бюросының мүшелері 2022 жылғы 28 сәуірге жоспарланған палата отырысының күн тәртібін бекітті. Депутаттар палата отырысында «Қазақстан Рес­публикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жо­басын және оған ілеспе «Қазақстан Рес­пуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне био­ло­гия­лық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауды жос­парлап отыр. Құжаттардың мақсаты – био­ло­гиялық қатерлерді ерте анықтау және алдын алу, ха­лықтың денсаулығы мен елдің ұлттық қауіп­сіз­дігінің қорғалу деңгейін арттыру. Бюро отырысында, одан басқа Қазақстан Прези­ден­тінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік ап­параттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шара­лар туралы» №872 Жарлығын жүзеге асыру жө­ніндегі ұсыныстарға қатысты мәселені де тал­қы­лады. Бюро мүшелері сондай-ақ одан әрі пысықтау үшін бұрын Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын Се­наттың тұрақты комитеттеріне бөліп берді.