Қазақстанның вакцинация паспорты 33 елде жарамды
Қазақстанның вакцинация паспорты 33 елде жарамды
Фото: ru.aikyn.kz
Қазақстан әлемнің 33 елімен вакцинация паспортын өзара тану туралы келісімге келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Вакцинация паспортын өзара тану жөнінде 2 қаулы бар. Негізгі құжат  2021 жылғы 26 қазандағы №48 қаулы, оған 2022 жылғы 18 наурыздағы №15 қаулымен өзгерістер енгізілді. Бүгінде әлемнің 33 елінде (Аргентина, Армения, Беларусь, Белиз, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Испания, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Таиланд, Тунис, Түркия, Өзбекстан, Филиппин, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония, Жапония) Қазақстанның вакцинация паспорты жарамды. Ескерер жайт, коронавирус қайта өршімеуі үшін шетелден Қазақстанға келетін жолаушылардан вакцинация паспорты болмаса, теріс нәтижесі бар ПТР тест талап етіледі.