Нұржан Нұрсипатов: Сапқа тұру сәнге айналса...
Нұржан Нұрсипатов: Сапқа тұру сәнге айналса...
473
оқылды
Жылына әскерге шақыру екі-ақ рет келеді: бірі – көктемде, бірі – күзде. Қазір сол науқан басталып та кетті. Бірақ неге екенін қайдам, азаматтарға әскерге әкетеміз десе, ақтық сапарға апарамыз дегендей қашады. Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатовтан әскери бөлімшелерде болған соңғы жағдайларға қатысты пікірін сұрадық. – Соңғы бір айда әскерде 2 бірдей жас сарбаз қайтыс болды. Бұл елімізде тіркелген алғашқы қаралы хабар емес. Кешегі маң­ғыс­таулық баланың өліміне не себеп? «Кінәлі» адамдар қашан жа­уап береді? – Ең алдымен сарбаздардың ата-анасына, жақындарына көңіл айта­мын. Бұл – бәріміздің қабырғамызды қайыстырған, орны толмас қайғы. Бейбіт за­манда Отан алдындағы борышын өтеуге жіберген ұлын о дү­ниелік болады екен деп ешкім ойла­­май­ды. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қалашықта қайтыс болған маңғыстаулық сарбаздың жағдайына алаңдаушылық та­нытып, осы оқиға­ға қатысты Бас прокуратура мен Қор­ғаныс ми­нистрлігіне және құ­зыр­лы ор­гандарға жан-жақты тексе­ру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды. Дәл қазір сарбаздың өліміне не себеп болғанын да, кінәлілердің қашан жауапқа тартылатынын да ешкім тап басып айта алмайды. Бірақ әділ шешім шығуы үшін біз жағдайды бақылауда ұстаймыз. Бұл істе арнайы тексеру комис­сиясы құрылады. Менің ойым­­ша, сол комиссияның құра­мын­да қоғамдық ұйымдардан бір өкіл болғаны дұрыс. Көп жағдайда мұн­дай істер құпия жағдайда тексе­ріледі. Бірақ журналистер мен қоғам­дық ұйымдарға про­цеске қатысу үшін рұқсат беріл­гені жөн. – Аталған жағдайдың бар­лығына әскердегі әлімжеттік себеп болып отыр­­ғаны анық. Денесі қырғыз жері­нен табылған сарбаз­дың туыстары оның жиі үйден ақша сұрағанын ай­тады. «Дедов­щинаның» дәурені біте ме? – Әлімжеттік – әлемнің бар­лық армиясында атам заманнан келе жат­қ­ан құбылыс. Екі адам­ды бір бөл­меге жатқызып қой­саң, 2-3 күнде бір нәрсеге келіс­пей дауласуы мүмкін. Ал әскери бөлімшелерде бір казар­мада кейде 50, кейде 100-дей соқтал­дай-соқталдай азамат жатады. Ой­лары келіспей қалғанда, олар сөзге де келіп қалады. Кейде мұ­ның соңы осындай қайғылы жағдайға алып келеді. Қазір әскердің уақыты бұ­рын­ғыдай 2-3 жыл емес, 1 жыл ғана. Осы аз уа­қытта бір-бірімен басы сый­май­тын жігіттер де бар. Бұрын үлкендер жаңадан келген жас­тарға әлімжеттік көрсетті десек, қазір бұл азайған. Керісінше, аймаққа бөлініп, басы бір қазанға сыймайтындар шықты. Сондықтан жігіттерді әскери бө­лімшеге бөлгенде әр өңірдің теңдігін сақтап бөлу керек. Тәр­бие жөніндегі басшылар казар­мада түнде кезекші болып, бос уақыттарында сарбаздармен бір­ге уақыт өткізіп, әңгімелесуі тиіс. Сосын жігіттерді әскерге алар­да медициналық сарап­та­мадан дұрыстап өткізу қажет. Кей­де психикасы тұрақталмаған, суи­цидке бейімі бар азаматтар әскерге өтіп кетеді. әскер Енді ақша сұрау мәселесіне кел­сек. Әскерде әрбір азамат жатын орын, күнделікті тамақ, гигиеналық зат­тармен толықтай қамтамасыз етіл­ген. Ай сайын мемлекет тарапы­нан бөлінетін азын-аулақ тиыны да бар. Сон­дықтан оларға ата-ана­сынан ақша сұрауға негіз жоқ. Ал кейде жастар өздеріне темекі немесе тағы басқа жеке заттарын алуы үшін ақша сұрауы мүмкін. Бірақ мұндай жағ­дайда ата-ана да «баламнан аямай­мын» деп орын­сыз ақша сала бермеуі ке­рек. Жиі ақша сұрап мазаласа, командирлеріне шығып, жағ­дайды түсіндіріп айту артық етпейді. Жоға­рыдағы оқиғада ата-ана баласына жіберген қар­жының түбіртектерін тергеу ко­миссиясына көрсетіп, әділдікке жету үшін атса­лысу керек. – Баласын сау күйінде әскерге аттандырып, артынан суық хабар есту қай ата-анаға болса да ауыр. Осы жағдайлардан кейін көбі баласын әскерге жіберуден қор­қып та қалды. Ал жауапты орган­дар бозбаланы «айып­пұл саламыз» деп қорқытып, мәж­бүрлеп әскерге жіберуін тияр емес. Әскерге бар­ғысы келмеген жас­ты қинау дұрыс па? Отан алдындағы борышын өтеуге шақырудың басқа жолы жоқ па? – Әр бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге өзін физикалық жағынан да, психикалық жағы­нан да алдын ала дайындап жүруі керек. Жауапты органдар ешбір азаматты мәжбүрлеп әскерге алып кетпейді. Алдын ала ша­қыру жіберіп, медици­налық са­раптамадан өтуге шақы­ра­ды. Алайда жастар бұл шақыруды жа­уапсыз қалдырып, көп жағ­дайда әскерге бармай құтылып кетемін деп ойлайды. Заң бо­йынша 3 рет жібер­ген хабарла­маға жауап бермеген соң, жа­уапты органдар амалсыздан «айып­пұл саламыз» деп қатаң шара қолданады. Негізі, әр ба­ланы мектеп кезінен бастап Отан алдындағы борышын өтеуге дайындау керек. Сол кезде мұн­дай жағдайлар болмас еді. Ертең ел басына күн туса, қорған бо­латын – қуатты армия. Сон­дық­тан бұл мәселеге атүсті қарамау керек. Армиямыздың саны аз. Сол себепті сапасына көңіл бөлгеніміз дұрыс. Ал сапаны өз еркімен әскерге барған жі­гіттер құрайды. Қазір қоғамда әс­кердің статусы түсіп кеткен сияқты. Сондықтан армиядағы өмірдің жарқын екенін барынша на­си­хаттап, жақсы жағынан статусын көтеруіміз керек. Әр сарбаздың саламатты өмір салтын ұстанып, темірдей тәртіппен өткен 1 жылы 10жылына азық бола­ды. Әскерге баратын балалардың не­сиелеріне жеңілдік жасап, жоғары оқу орындарына түсуге арнайы грант­тар бөлу артық етпейді. Оң­түстік Корея танымал әртістері мен әншілерін де ар­мияға шақырады. Бұл өз кезе­гінде қоғамда әскерге бару­ды на­сихаттайды. Біз де әскери бө­лімшелерде ашық есік күн­дерін өткізіп, ондағы өмірді ба­рынша жар­намалауымыз керек. – Әңгімеңізге рақмет!