Қосшыдан үй алмақ болған шымкенттік алаяқтарға 50 миллион теңге берген
Қосшыдан үй алмақ болған шымкенттік алаяқтарға 50 миллион теңге берген
Фото: zakon.kz
255
оқылды
Шымкент тұрғыны үй алатын 50 миллион теңгесін алаяқтарға берген. Қосшы қаласының полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Азаматша былтыр қазан айында екі ер адам оған тиесілі 50 млн теңгені Қосшы қаласында учаскесі бар жеке үй сатылады деген сылтаумен алдап иемденгенін айтқан. Полиция жедел іздестіру нәтижесінде, Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан облысының 38 және 39 жастағы тұрғынын ұстады. Олар осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қамауға алынды.