Шымкентте жергілікті полиция қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Шымкентте жергілікті полиция қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Фото: uralskweek.kz
157
оқылды
Шымкент қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.   Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Биыл 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, жария етуге болмайды. Бұған дейін «Шымкентте баспасөз қызметкеріне қысым жасап, суицидке жеткізген кім?» деген мәселені жазған болатынбыз.