Бүгін Алматы соты Игорь Дужновты бес адамды өлтірді деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Дужновтың туыстары сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмекші, – деп хабарлайды “Информбюро”.
"Үкімге шағымданамыз. Бірінші инстанцияның үкімі күтілуде. Бұл жерде әділдік туралы сөз қозғау мүмкін емес. Мүмкін Игорь өзін қорғаудың шегінен асып кеткені үшін кінәлі шығар, мүмкін кінәлі емес", – деді сотталушының әйелі Анаида Демирчян.Отбасы әлі күнге қайғылы оқиға болған үйде тұрып жатыр. Анаида Демирчян бұл баспанадан шықпайтындарын баса айтты.
"Үйдегі азаматтық істер қазірдің өзінде жүріп жатыр. Құзырлы органдар тағы да көшіру бұйрығын шығармақшы, болған жағдай оларға сабақ болмаған сияқты. Сондықтан сатып алушының туыстары мен банк маған шабуыл жасап жатыр, олар осылайша үйімізді иемденгісі келеді. Мен өз мүлкімді қалай болса да қорғаймын", – деп қосты ол.Сот үкімімен Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.