Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкімі шықты
Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкімі шықты
© exk.kz
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты үкім шығарды.   Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Жарыссөз кезінде айыптаушы  Игорь Дужнотың істеген ісіне өкінбейтінін және оны азаматтық қаруды тіркеу тәртібін бұзудан басқа барлық айыптау бойынша кінәлі деп тануды ұсынды. Бұған дейін Игорь Дужнов сотта соңғы сөзін айтқанын жазған болатынбыз.