Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін жаңа мобильді қосымша іске қосылды
Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін жаңа мобильді қосымша іске қосылды
Фото: rostovnadonu.bezformata.com
197
оқылды
Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлер үшін E-Salyq Business мобильді қосымшасын іске қосты. Комитеттің мәліметінше, қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден телефонға жүктеп алуға болады. Қазіргі кезде бұл қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланып жүр. «Мобильді қосымша арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беру, қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізу, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу, жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізу, оңайлатылған декларацияны тапсыру (910.00 нысан), кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді» делінген ресми хабарламада. Сондай-ақ E-Salyq Business қосымшасында салық органдарының жіберген хабарламаны алуға , бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге, артық төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады. Бірқатар анықтамаларды да алуға мүмкіндік бар. Мәселен, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, жұмысшылардың табысы туралы анықтамаларды ала аласыз.